Павлодарлықтарды «Ertis Promenade» сахнасындағы тематикалық дискотекаға шақырады

Павлодарлықтарды  «Ertis Promenade» сахнасындағы тематикалық дискотекаға шақырады

Демалыс күндері бас сахнада бірнеше шаралар өтеді,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Қалалық мәдениет бөлімінің мәліметінше, 28 шілде күні «Ertis Promenade» сахнасында «Summer party» өтеді. Оған «21:37» тобы, әнші «Lika»,  «Тұмар»  эстрадалық вокал студиясы өнер көрсетеді. Ал, Dj M әсерлі дискотекамен  кешті 22:00-де аяқтайды. 

29 шілдеде павлодарлықтар таңғы 09:00 фитнеске бара алады. Бұл жаттығулар жексенбі күні де өтеді. Кешкі сағат 20:00-де  90-жылдардағы дискотека болады. 

30 шілде күні бас сахнаның экранынан қазақстандық «16 қыз» фильмін тамашалай алады.

Фото: Константин Шелков