Павлордар облысында жол-көлік апаты салдарынан ер адам көз жұмды
Бұл оқиға Павлодар-Семей автожолында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қараша сағат 23:30 шамасында Павлодар - Семей автожолындағы Аққулы ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алған. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 4 минутта жеткен.
– Оқиға салдарынан 33 жастағы ер адам апат орнында жан тапсырды. Сондай-ақ, 26 және 54 жастағы екі әйел Аққулы ауданының ауруханасына жеткізілді,– деді станцияда.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ЖКО-ның тіркелмегенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында 433, ал былтыр 576 жол-көлік оқиғасы тіркелді.