Тереңкөл ауданында суға секірген адамды іздестіруде

Тереңкөл ауданында суға секірген адамды іздестіруде
Фото: pixabay.com\GAIMARD

Ол жағаға байланған баржадан суға секіріп, кейін су бетіне шықпаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 сәуірге қараған түні демалушылардың бірі жағаға байланған баржадан суға секіріп, кейін су бетіне шықпады деген хабарлама  түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір топ азамат балық аулап, ішімдік ішкен.

–  Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің күштері жедел түрде шықты: жеке құрамның 4 адамы, бір техника және бір жүзу құралы жұмылдырылды, – деді департаментте.

Іздеу шаралары жалғасуда. Акватория мен жағалау аймағына тексеру жүргізілуде.