Ақсуда феррохром ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Шығын көлемі 150 млн теңгеден асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz мәлімдеуінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасын үйлестіру кезінде жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін ұзақ әзірлеу және жүргізу барысында ұзақ уақыт бойы ферроқорытпаларды өндіру және жеткізу бойынша елдің ірі кәсіпорындарының бірі болып табылатын Ақсу ферроқорытпалар зауытының аумағынан феррохром өнімдерін ұрлаумен айналысқан тұрақты қылмыстық топтың құқыққа қарсы қызметінің жолын кесті.
Кәсіпорынға келтірілген залал көлемі150 млн теңгеден асады.
– Жедел уәкілдер бүкіл “қылмыстық тізбекті” құрды, оның құрамына зауыттың бұрынғы және қазіргі жұмысшылары, сондай-ақ аймақтың “қылмыстық элементтері” кірді. Қылмыстық іс бойынша 10-нан астам тінту іс-шаралары жүргізілді, оның барысында тергеу үшін маңызды заттай дәлелдемелер, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік, қымбат көліктер және басқа да материалдық құндылықтар тәркіленді. Полиция осы қылмысты жасады деп күдіктелген 14 адамды ұстады, оларға қатысты түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Полиция барлық қылмыстық схеманы ұйымдастырушы тергеуден қашып, халықаралық іздестіруге жарияланғанын, бірақ 14 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласы ПД әріптестерінің көмегімен ұсталғанын атап өтті.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Негізгі күдіктілер, ұйымдастырушы және қылмыстық топтың белсенді қатысушылары УҰИ-ғақамалды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.