«PRO әйел»: Павлодарда іскер әйелдерге арналған форум өтті

Іс-шара барысында үш спикер өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «PRO женщин» жастар әйелдер форумы ұйымдастырылды.
Аталмыш жиынға облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова және облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Форумда «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ технологиялық шикізатты есепке алу жөніндегі техник Айгерім Темірбаева «Кәсіпорындағы әйел: стереотиптер металл сияқты ериді» тақырыбында баяндама жасап, өндірістегі әйелдердің кедергілерді қалай еңсеретіні туралы айтты.
Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «Имбирь Павлодар» кондитерлік шеберханасының негізін қалаушы Шолпан Смағұлова «Әйел болмысы мен іскерлік үйлесімі: бизнес пен отбасы арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында өз көзқарасымен бөлісіп, әйелдің мансап пен отбасын қалай үйлесімді ұштастыратынын талқылады.
Қазақстан іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «ЭкошопПавлодар» дүкенінің негізін қалаушы Махаббат Анаева «Әйелдердің түйсігі – үлкен күшке ие» тақырыбында сөз сөйлеп, өзін тыңдау және дұрыс шешім қабылдау қабілеті әйелдерге бизнесте қалай көмектесетіні туралы айтты.
Форум соңында қатысушылар дәмді тағамдардан дәм татып, пікір алмасып, бейресми жағдайда әңгімелесу мүмкіндігіне ие болған кофе-брейк ұйымдастырылды.