Екібастұзда еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті
Гуманитарлық көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Vita» еріктілері су тасқынынан зардап шеккен Ақтоғай және Ертіс аудандарының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау акциясын бастады.
– Бұл жағдайға бей-жай қарамайтын қала тұрғындары, бірнеше фирмалар мен дүкендер сабын, тамақ, жеке гигиеналық заттар, ауыз су, резеңке етік және тағы басқа көмек көрсетті. Осы қиын кезеңде біз бір-бірімізге көмек көрсетіп, адамгершілік пен құрмет көрсетуіміз керек, – дейді еріктілер.
Іздеушілер ұйымы Ақтоғай ауданында зардап шеккен отбасыларға, ТЖМ қызметкерлеріне қол ұшын созып, тәулік бойы сол жерде су тасқынымен күресті.