Павлодарда «Асырап алушы отбасыларды қолдау» тақырыбы ортаға салынады
Қордың жұмысы арқылы 7 мыңнан астам бала балалар үйінен аман қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алмастырушы отбасылардың қордаланған мәселелерінің өзектілігіне байланысты «Ана үйі» қоғамдық қоры облыстың қамқоршы ата-аналарының мемлекеттік органдардың өкілдерімен қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстел форматында кездесу өткізуді жоспарлауда.
Қордың 11 жылдық жұмысы мен жүзеге асырған жобалары барысында 7005 бала балалар үйіне түспей, аналарымен бірге қалды, сонымен қатар 1910 бала қабылдаушы отбасыларға орналастырылды.
Аталмыш кездесуге Ақмола облысынан қабылдаушы әке, «Покажи мне небо» кітабының авторы қатысады, ол өз өмірінің оқиғасымен және тәжірибесімен бөліседі. Оның тәжірибесі қызықты, бұл қабылдаушы әкенің аталған мәселеге қатысты көзқарасы. Кітаптың тұсаукесері сол күні сағат 18:00-де Луначарский көшесі, 44/2 мекен-жайында өтеді.
Ал «Асырап алушы отбасыларды қолдау» тақырыбындағы дөңгелек үстел «Аманат» партиясының алаңында 17 мамыр күні сағат 14:30-да өтеді.