Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс табуға көмектеседі

Шара барысында қатысушылар жұмыс берушілермен кездесіп, кеңес алып, түйіндеме тапсыра алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
20 мамыр күні сағат 11:00-де қалалық Мансап орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ мен «AMANAT» партиясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
– Жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға, қолжетімді жұмыс орындарымен танысуға, кәсіптік бағыт-бағдар бойынша кеңес алуға және түйіндеме тапсыру мүмкіндігіне ие болады, – деді Мансап орталығының баспасөз қызметі.
Жәрмеңкенің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және олардың жұмысқа орналасуына жол ашу.