Сенбіде Павлодар облысына қатты жел соғып, жаңбыр жауады

Сенбіде Павлодар облысына қатты жел соғып, жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа температурасы +2°C-қа дейін жылынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 10 ақпанда көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың көп бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20, оңтүстікте, шығыста екпіні 23-28, кейде 30 метрге дейін соғады. Күндіз -3...+2 °C жылы болады.

Павлодарда да көктайғақ болады деп болжануда. Қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы -1...+1 °C-ты көрсетеді.