24 шілдеде Павлодар облысында қатты жаңбыр күтіледі

24 шілдеде Павлодар облысында қатты жаңбыр күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. 

Батыстан соққан желдің екпіні секундына 7-12, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +17..+22, күндіз +29..+34 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбырлы ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +19..+21, күндіз +31..+33 градус көрсетеді.