Павлодарда үздік мектепке дейінгі педагогтерді анықтайды
Ақпанда республикалық байқаудың қалалық кезеңі басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 1 ақпан мен 6 наурыз аралығында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2024» республикалық конкурсының жыл сайынғы қалалық кезеңі өтеді.
– Мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогінің оң имиджін қалыптастыру, тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық қызметті ынталандыру,– деді бөлімде.
Байқау екі кезеңмен ұйымдастырылады. Ақпанда бірінші іріктеу кезеңі «Педагогикалық портфолио» аясында конкурстық материалдарға сараптама жүргізіледі. Байқаудың екінші кезеңінде практикалық қызмет процесінде «Педагогикалық ізденіс» оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін бағалау мақсатында шеберлік-сыныптары өткізіледі.
Балалармен ұйымдастырылған іс-шаралар қалалық мектепке дейінгі ұйымның базасында болмақшы.
Байқау қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз анықталады. Сондай-ақ, «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог», «Мамандыққа адалдық» номинация бойынша бір жеңімпаздан анықталады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Ұстаздар күніне арналған қалалық мереке аясында өтеді.