Шарбақты ауданының ауылдарында шыбын-шіркейге қарсы дезинсекция басталды

Шарбақты ауданының ауылдарында шыбын-шіркейге қарсы дезинсекция басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандар төрт ауылда дезинсекция жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын барлық дезинсекциялық іс-шаралар Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан облыс қалалары мен аудандарының аумағына бағытталған. Ол тізімде Павлодар және Ақсу қаласы мен Май, Ақтоғай, Ертіс, Железин, Аққулы және Тереңкөл аудандары бар.

Ал Ертіс өзеніне шықпайтын Успен, Шарбақты, Баянауыл аудандарында және Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы жайылмадан тыс және далалық аумақтарды өңдеу қарастырылмаған. Бұл аумақтарда тек жекелеген учаскелерде және балалар лагерьлері орналасқан орындардың айналасында тосқауылдық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Шарбақты ауданы тұрғындарының өтініші бойынша жер қойнауын пайдалану басқармасының, облыстық ғылыми топтың және аудан әкімдігінің өкілдері Шошқалы, Бозалаң, Садықащы және Шалдай ауылдарына барды.

Қанаттанған шыбын-шіркейдің қалыптан тыс жаппай көбею фактісі расталды. Бұл күрделі жағдай соңғы 2-3 күн бойы байқалуда. Жайылма аумақтарынан тыс жерлерде шыбын-шіркейдің жаппай шығуына орман өрттерін сөндіру кезінде су алуға арналған жасанды су айдындары, сондай-ақ аталған ауылдардың маңында пайда болған шағын жергілікті су қоймалары себеп болуы мүмкін.

Осыған байланысты 10 маусымнан бастап аталған ауылдарда қанаттанған шыбын-шіркей түрлеріне қарсы дезинсекциялық тосқауылдық өңдеу жұмыстары қолға алынды. Өңдеу жұмыстары ранц бүріккіштері мен ыстық тұман генераторының көмегімен жүргізілуде. Сонымен қатар шыбын-шіркейдің дернәсілдік түрлеріне қарсы су айдындарын биологиялық «Бактицид» препаратымен өңдеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.