Павлодарлық педагогтердің жобалары республикалық байқауда жоғары бағаланды

Павлодарлық педагогтердің жобалары республикалық байқауда жоғары бағаланды

Олар бірнеше жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қаскелең қаласында өткен SDU базасында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы аяқталды.  Оған 220 ұстаз қатысты. Бағдарламаға сәйкес олар  бірнеше бағыт бойынша педагогикалық идеялар жобаларын қорғау керек болды. 

Павлодар облысының намысын облыстық кезеңнің алты жеңімпазы қорғады. Байқау қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің үш педагогы жүлделі орындарға ие болды.  Қалалық № 25 ЖОББМ психологы, педагог-зерттеуші Жанар Ордабаева және № 6 ЖОББМ дефектологы, педагог-зерттеуші Айгүл Жұмадилова екінші орынды иеленді. Қ. Мақпалеев атындағы ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші Ирина Кофтанюк үшінші орын алды. 

Бағдарлама бойынша қатысушылар пәндерге арналған «Шеберлік палитрасы», психологтарға, дефектологтарға арналған «Психологтың қоржыны» бағыттары бойынша педагогикалық идеялардың жобаларын қорғады.