ДКО: Баянауыл ауданында су алу рәсімі өткізіледі
Алғашқы үш Көшпенділер ойындарында басты қасиетті нышан және негізгі элемент су болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ойындар қарсаңында Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларында әсерлі театрландырылған іс-шара өткізу барысында жергілікті қасиетті бұлақтардың бірінен Дүниежүзілік ойындардың ашылу рәсіміне апарылатын су алынады.
28 тамызда Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында су алу рәсімін өткізу және 30 тамызда Павлодар қаласында Астана қаласына баратын «Бірлік керуені» делегациясын шығарып салу жоспарлануда. Өңірлік керуеннің құрамына Батыр, сегіз белгілі қоғам қайраткері, 10 елші және бір Халық банкінің өкілі, сондай-ақ ДКО этноауылында Павлодар облысының мәдени бағдарламасын ұсынумен айналысатын шығармашылық ұжымдар кіреді.
Аймақтың орталық көшелерінен өтіп, орталық алаңда құрметке ие болған керуен Қазақстанның астанасына аттанады.