Тереңкөл ауданында екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады
Кезекте 665 адам тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтовтың сөзінше, аудан орталығында екі пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
– «Самұрық-Қазына» қорынан 24 пәтерлі тұрғын үй мен 32 пәтерлі тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлінді. Жалпы ауданда пәтер алуға кезекте 665 адам тұр, – деді аудан әкімі.
Пәтерлердің құрылысы биыл аяқталып, тұрғындарға беріледі деп жоспарлануда. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 96 миллион теңгеге жеті үй сатып алынды.