Екібастұз полицейлері атыс дайындығын пысықтады
Практикалық сабақ арнайы полигонда өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері атыс дайындығы бойынша практикалық сабақтарға қатысты.
Жаттығу барысында тәртіп сақшылары автоматты қаруды қолдану дағдыларын пысықтап, атыс жаттығуларын орындады. Сондай-ақ мергендік дәлдігі мен шапшаң әрекет ету қабілеттерін жетілдірді.
Практикалық сабақтар полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыруға, түрлі қызметтік жағдайларда әрекет етуге және қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға бағытталған.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай жаттығулар тұрақты түрде өткізіледі және полицейлердің кәсіби даярлығының бір бөлігі саналады.