Павлодарлық сарапшы: «Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін бәрі бар»
Эколог Ахан Өмірбек АЭС құрылысы бойынша референдум туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, үкіметтің Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу туралы ұсынысы халық тарапынан үлкен қолдау тапты.
– Атом электр станциясын салуға сайлау учаскелеріне келгендердің 71 пайызы дауыс берді. Дауыс беру алдында түрлі партиялар, қозғалыстар мен жекелеген адамдар арасында қызу пікірталас болды. Бұл додаларға өзім де қатыстым. Бір маңызды жағдайды атап өткім келеді – ешкімнің пікірі назарсыз қалмады. Барлығына сөз берілді. Бұған жеке өзім куәмін. Бұл – қуантарлық факт. Бұл қазақ қоғамындағы демократияның жоғары деңгейін көрсетеді, – дейді Ахан Өмірбек.
Ол қоғамда пайда болған қызу пікірталастың әсерінен сайлаушылардың барлығы мәселенің мән-жайын жақсы білетіндігін баса айтты.
– Ауаның өзі дауға қанық болып көрінді: Facebook, Instagram, облыстық қоғамдық жиындар, теледидар мәселені талқылауға қосылды. Ал енді таңдау жасалды. Қазақстандық қоғам атом электр станциясының құрылысына оң дауыс берді. Мен эколог ретінде бұл шешімді қолдаймын. Атом энергетикасын дамыту үшін Қазақстан Республикасында барлық алғышарттар бар: Бұл үшін бізде барлық алғышарттар бар: уран қорының болуы, отын жинақтарын шығаратын зауыт, қарапайым тілмен айтқанда – атом электр станцияларына арналған отын, пайдаланылған ядролық отынды кәдеге жарату мәселесі жоқ, парниктік газдар шығарындыларының болмауы, кең дамыған қуатты электр желісі бар, – деп түйіндеді Ахан Өмірбек.
Сарапшы енді бұл ауқымды идеяны жүзеге асыру үшін алдағы қадамдарды күту ғана қалғанын қосты.