Успен ауданында ауыл шаруашылығы жерлеріне байқау жарияланады

Успен ауданында ауыл шаруашылығы жерлеріне байқау жарияланады
Фото: Константин Шелков

Жалға төрт мыңнан астам гектар жер беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Успен ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша байқау өтеді.

Ауданының жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің сөзінше, конкурсқа өтінімдерді қабылдау 4-26 маусым аралығында қолма-қол немесе пошта арқылы (Тәуеліздікке 10 жыл көшесі, 30 мекенжайында) қабылданады. Ал конкурс 28 мамыр күні сағат 10:00-де (Қазбек би көшесі 71 мекенжайында) өтеді. Онда шаруа немесе фермер қожалығын құру және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы ұсынылады. 

Конкурсқа жалпы алаңы 4 019,6 гектар жер учаскелері шығарылған. Оның ішінде 154,0 гектары – егістік, 3652,0 гектары – жайылым, ал 213,6 гектары – басқа алқаптар.

Жер учаскелерінің толық тізімі жергілікті атқарушы органның ресми сайтында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8 (71834) 91-7-30 телефон нөмірі арқылы білуге болады.