Ақсулық мешіт шәкірті Ұмра қажылығына жолдама ұтып алды

Ақсулық мешіт шәкірті Ұмра қажылығына жолдама ұтып алды
Фото: әйел-қыздар секторының парақшасынан

Ақсу қаласындағы қалалық мешіті «Сира» кітабынан байқау ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шара «Әйел-қыздар» секторының қатысуымен Мәшһүр Жүсіп мешітінің конференция залында өтті. Мақсаты – сүйікті болған Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыздың өмірбаяны жайлы ақпаратты тарату, оған деген махаббатын жамағат арасында өрбіту.  

– Іс-шараның ең кереметі және қызығы – Бас жүлденің ұтыс сыйы. Нақты қай «Сира» кітабынан сұрақтар қойылатын екі кітап қатысушыларға көрсетіп табысталды, – дейді «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ақерке Тұрғынбай.

Оның айтуынша, дайындық ретінде қырық бес күн берілді.  Сайыс тестілеу форматында өткізіліп, 50-ге жуық қатысушы бақ сынады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «Әйел-қыздар» секторының жетекшілері Ақерке Тұрғынбай және сол мешіттің ұстазы Алмагүл Мерканова келіп, кыздардың қуаныштарына ортақтасып, Пайғамбарға (с.а.у) деген махаббат жайында уағыз айтты.

145 ұпай жинаған Нурида Алиева Бас жүлденің иегері атанды.

137 ұпай жинаған Жанель Умарова бірінші орынға,  134 ұпай жинаған Гүлім Оразғалиқызы екінші орынға ие болды. Ал 131 ұпай жинаған Алима Ержан үшінші орынды  еншіледі. Оларға Рамазан күнделігі мен бір айлық ілім марафоны табысталды.

Айта кетейік, Бас жүлде ұтқан қатысушыға Ұмра қажылыққа өзіне және махрамына арналған екі жолдама ұсынылды.

Қалған барлық қатысушылар гүл шоғы мен қазіргі уақытта сұранысқа ие болған кішігірім сыйлықтарға ие болды.