Павлодарда қоғамдық өмірдегі ҮЕҰ рөлі талқыланды
Дөңгелек үстел жұмысына облыстың саяси партияларының көшбасшылары, облыс орталығында тіркелген кәсіподақтар мен ҮЕҰ қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
26 ақпан күні Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні қарсаңында «Азаматтық қоғамды дамытудағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі міндеті – біздің қаламыздың және өңірдің азаматтық қоғамының барлық қатысушыларының өзара әрекеттесуі.
Кездесуге қатысушылар ел дамуының игілігі үшін мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының үдемелі өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, пікірталасқа белсенді қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында біз әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елін құрып жатқанымызды атап өтті. Біз заң мен тәртіп, диалог, жауапкершілік және ынтымақтастық мәдениеті үстемдік ететін тиімді мемлекет құрудамыз. Әрбір қазақстандық оның еліміздің қоғамдық, саяси өміріне қатысуына оның болашағы, балаларының болашағы байланысты екенін түсінуі тиіс. Еліміздің әрбір азаматына дербес жауапкершілік жүктейтін кез келді, өйткені Қазақстан – біздің үй, жалдамалы тұрғын үй емес, – деп атап өтті «Павлодар облысы ҮЕҰ азаматтық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Алма Қозбаева.
Дүниежүзілік ҮЕҰ күні – бұл бостандыққа, қоғамдық дауысқа, адамдардың қауіпсіздігіне, табиғатқа, адамзаттың мәдени мұрасына, адамзаттың болашағына қамқорлық жасауға бағытталған ҮЕҰ-ның жаһандық құндылықтарын, ұмтылыстары мен нәтижелерін көрсететін халықаралық нышан.