Жаздың алғашқы айында Павлодар облысында қандай ауа райы күтіледі?

Синоптиктер өз болжамын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, маусым айындағы орташа ауа температурасы +18,7...+20,4°С болмақ, бұл нормаға жақын (норма: +18,8 + 20,3 °С).
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +15...+20°С-тан +5...+10°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде +12°С-тан +2°С-қа дейін, топырақ бетінде 1°С-қа дейін, күндіз +29...+34°С-тан, облыстың солтүстігінде +24°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде. Содан кейін ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады.
Айдың ортасында түнде ауа температурасы +15...+20°С-қа дейін, облыстың шығысында +12°С-қа дейін, күндіз +29...+34°С-қа дейін көтерілуі болжанады. Екінші онкүндіктің соңында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде +13...+18°С-тан +8...13°С-қа дейін, күндіз +27...+32°С-тан +20...+25°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай секундына 15-20 метрге дейінгі жел бір ай ішінде жиі күтіледі.