Екібастұздың кейбір үйлерінде бес күнге жарық өшіріледі

Екібастұздың кейбір үйлерінде бес күнге жарық өшіріледі
Автор: istockphoto.com/Pablo G Mediavilla

Жұмыстар электр желілерінің техникалық жағдайын жақсартады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Дом Энерго Сеть» ЖШС-нің мәліметінше, 22–26 қыркүйек аралығында электр желілерінде жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған күндері бірқатар мекенжайларда сағат 08:00-ден бастап 17:00-ге дейін электр қуаты уақытша өшіріледі.

– Қаладағы ағаштарды кесу жұмыстарын оңтайландыру мақсатында уақытша электр қуаттарын өшіру керек. Өшірілгеннен кейін, сымдар алынып тасталады да, ағаштарды кесу процесі жүреді. Кейін сымдар қалпына келтіріледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, –  дейді Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ бас маманы Махаббат Қайырова.

Электр энергиясын өшіру кестесі мынадай: 22 қыркүйек – Мәшһүр Жүсіп көшесі, 42г; 23 қыркүйек  – Мәшһүр Жүсіп көшесі, 36а және 24, 25, 26 қыркүйек күндері  Мәшһүр Жүсіп көшесі, 42а.

Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары электр желілерінің техникалық жағдайын жақсартуға, апаттық жағдайлардың алдын алуға және болашақта тұрақты қуатпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша ақпарат алу үшін 74-05-00 байланыс нөміріне хабарласып, білуге болады.