Жағажайда түнеген: Павлодарда ер адамдар жазаланды
Жағажай маусымының басталуымен кезекші бөлімнің пультіне қала тұрғындарынан қоңыраулар жиі түсуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар барысында ішімдік ішіп, қала көшелеріндегі орындықтарда және орталық жағажайда құмда ұйықтап жатқан бірқатар ер адамды анықтады.
– Олар уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізіліп, қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді департаментте.
Жыл басынан бері қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін барлығы 4698 азамат жазаланды.