«Ертіс орманында» ерекше көрме өтті
Көрме барысында балаларға табиғи материалдардан қоршаған ортаға зиян келтірмей, қандай бұйымдар жасауға болатыны көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының туризм бөлімі мамандары «Жас орманшы» мектеп орманшылығының мүшелеріне арнап «Табиғат әлемі – қолөнер көзі» атты экологиялық көрме ұйымдастырды.
– Көрме барысында балаларға табиғи материалдардан қоршаған ортаға зиян келтірмей, қандай бұйымдар жасауға болатыны көрсетілді. Оқушылар дайын жұмыстармен танысып, қиялдарын ұштады және табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығын терең түсінді, – деді табиғи резерваттың баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара шығармашылық арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.