Жексенбі күні Павлодар облысында күн ашық болады

Жексенбі күні Павлодар  облысында күн ашық болады

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 9 сәуір күні солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады.

9 сәуірде және 10 сәуірде түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді. 

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.