Павлодарда колония қызметкерлері күйзеліспен күресуді үйренді
46-мекемеде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай шара өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Антарес-А» ҚҚ үйлестірушісі Рүстем Қайсағалиев және қордың психологы Валентина Бахтина суицидтің алдын алу, күйзеліспен күресу жөнінде айтып берді.
– Психикалық денсаулық – әл-ауқаттың негізі. Біз сол арқылы өз әлеуетімізді, қабілеттерімізді жүзеге асырамыз, күйзеліске төтеп бере аламыз және нәтижелі жұмыс істей аламыз, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Нұрлан Баякенов.
Валентина Бахтинаның айтуынша, мекеме қызметкерлері арнайы контингентпен жұмыс барысында күйзеліс жағдайларының барлық түрлерінде болады. Бұл әртүрлі бұзылуларға әкелуі және отбасындағы қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін.
Барлық қызметкерлер тренингтерге белсенді қатысты. Бейнероликтер көрсетілгеннен кейін талқылау ұйымдастырылды.
– Мұндай іс-шаралар ұжымда қолайлы атмосфера құруға және кадрлық әлеуетті сақтауға ықпал етеді, – дейді кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет капитаны Жанар Айдарханова.
46 мекеме бастығының орынбасары Нұрлан Баякенов «Антарес-А» ҚҚ-на ынтымақтастық және жеке құрамға осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, ІІМ қызметкерлерін психологиялық қолдау бағытындағы жұмыс басты рөл атқаратынын атап өтті.