Қатты жаңбыр, +14°С: Павлодар облысында осы аптаға арналған ауа райы болжамы

Қатты жаңбыр, +14°С: Павлодар облысында осы аптаға арналған ауа райы болжамы
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер осы аптадағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 26 наурызда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +6...+11°С жылы болады. 

27 наурызда облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде -2...+3°С, ал күндіз +7...+12°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. 

28 наурыз күні де жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде +1...+6°С, ал күндіз +9...+14°С-қа дейін жоғары көтеріліп, күн жылынады. 

29 наурызда облыстың басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +6...+11°С-ты көрсетеді. 

30 наурызда тұманды болады. Түнде ауа температурасы 0...+5°С-қа дейін түсіп, күндіз +2...+7°С-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, кей жерлерде 15-20 метрге дейін соғады.