Павлодарда жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

Павлодарда жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала әкімі аппараттық кеңес өткізіп, оның қорытындыларымен Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Хасар Хабылбеков ең алдымен ұжымға қалалық білім беру бөлімінің жаңа басшысын таныстырды. 

Тимур Нұркешовтің бұл салада 20 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар. Білім беру бөлімінің жаңа басшысына сеніп тапсырылған жүйедегі жұмыстың сапасын арттыруға және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне баса назар аудару жүктелді, – деп жазды қала басшысы әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ алқалы жиында алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды. 

«Павлодар жылу желілері» ЖШС жалпы ұзындығы 3,1 шақырым болатын инженерлік желілердің 11 учаскесінде күрделі жөндеу жүргізіп жатыр. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда. 1 қыркүйекке дейін тұрғын үйлердің толықтай жылыту маусымына дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырдым, – деді әкім.

Тағы бір маңызды мәселелердің бірі – жер қазу жұмыстарынан кейінгі абаттандыруды қалпына келтіру. Хасар Хабылбеков бұл бағыттағы бақылауды күшейтуді тұрғын үй инспекциясына және жергілікті полиция қызметіне жүктегенін атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)

Естеріңізге сала кетейік, өңір жолдарына жүргізілген тексерулер барысында мыңдаған ақау табылды. Жолдарды күтіп-ұстау ережелерін бұзғаны үшін 155 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ірі көлемде айыппұлдар салынды. Павлодар қаласындағы абаттандыруды бұзған мердігер ұйымға 1,1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.