Павлодарда бірнеше автобус қозғалыс бағытын уақытша өзгертеді
Өзгерістер он күнге дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 17 қазаннан 27 қазанына дейін Сұрағанов – Лермонтов – Аймауытов көшелерінің қиылысында су құбырын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге байланысты № 1, 2, 126, 153 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.
№ 1 автобус Торайғыров көшесі бойымен батыстан шығысқа қарай келе жатқан кезде тура бағытта Нұрмағамбетов көшесіне қарай жылжиды, содан кейін оңға Қамзин көшесіне бұрылып, Малайсары батыр көшесіне солға және маршрут бойынша шығады.
Кері бағытта Павлов көшесі бойымен оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжу кезінде Аймауытов көшесіне оңға бұрылады, содан кейін Павлов көшесіне солға бұрылады және Нұрмағамбетов көшесіне солға және маршрут бойынша шығады.
№ 2 автобус Қамзин көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта келе жатқан кезде Естай көшесіне солға бұрылады, одан әрі оңға бұрылып, Н. Назарбаев даңғылына шығады, содан кейін Лермонтов көшесіне солға бұрылады және әрі қарай маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.
№ 40 автобус бағыты Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа келе жатқан кезде Естай көшесіне солға бұрылады, одан әрі оңға бұрылып, Н. Назарбаев даңғылына шығады, содан кейін Лермонтов көшесіне солға бұрылады және әрі қарай маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.
№ 126 шағын класты автобус Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай келе жатқан кезде Қамзин көшесіне оңға бұрылады, одан әрі Геринг көшесіне солға бұрылады, содан кейін Сұрағанов көшесіне оңға және әрі қарай маршрут бойынша жүреді. Сол сияқты кері бағытта.
№ 153 шағын класты автобус Н. Назарбаев даңғылымен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргенде Торайғыров көшесіне солға бұрылады және әрі қарай маршрут бойынша жүреді. Сол сияқты кері бағытта.