Ақтоғай ауданында қансорғыш жәндіктермен күресу басталды

Ақтоғай ауданында қансорғыш жәндіктермен күресу басталды
Фотосуреттер Ақтоғай ауданы әкімінің ресми

Биыл әуе көлігі арқылы 17 елді мекен өңделеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Қаршыға Арынов өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, ауданға авиаөңдеу жүргізу үшін «Бактицид» биопрепаратының бірінші партиясы келіп түсті.

– Ақтоғай ауылының аумағында қансорғыш жәндіктермен күресу бойынша дайындық жұмыстары басталды, атап айтқанда биологиялық препаратты араластыру процесі жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды «ВИК-ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымы орындайды, ал ғылыми сүйемелдеуді «Биосфера» ЖШС жүзеге асырады, – деді ол. 

Биылғы жылы авиаөңдеудің жалпы көлемі ұлғайып, 20 мың гектарды құрады. Нәтижесінде Өтес ауылынан бастап Қараой ауылына дейінгі барлық жағалау аймақтары қамтылады.

Дезинсекциялық жұмыстардың тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық сәттер мұқият қарастырылды.