1 наурызда Павлодарда құлақтандыру жүйесі тексеріледі
2023 жылдың 1 наурызында сағат 10.00-де құлақтандыру жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, республикалық тексеру шеңберіндегі «Баршаның назарына!» деген құлақтандыру – қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жіберу, халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Мұндай дыбысты естігенде қалай әрекет ету нұсқауларын алу үшін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек.
Департаментте облыс тұрғындары мен қонақтарынан бұл тек оқу-жаттығу болғандықтан сабыр сақтауды сұраймыз.