Күйік шалды: Павлодарда жарылған қазандық бойынша тергеу ашылды
Оқиғаның нақты себебі әлі де белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің мәліметінше, тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
–Қазандық үйінділердің астында қалғандықтан, оның жарылуын растай алмаймыз. Үйінділерді алып тастағаннан кейін ғана мән-жайды білетін боламыз, – дейді басқарманың басшысы Данияр Андасов.
Департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, Павлодар ЖШС-нің бірінде газ-ауа қоспасы жарылған.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар ЖШС қазандығындағы газ-ауа қоспасының жарылуынан ғимараты жартылай қираған. Салдарынан автокөлік жүргізушісі мен компрессор операторы зардап шеккен болатын. Соңғысының жағдайы ауыр деп бағаланады.
Фото: Константин Шелков