16 қазанда Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады

16 қазанда Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -3...-8°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Күндіз сынап бағаны +6...+11°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -3...-5°C болады. Аспан құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +7...+9°C шамасында болады. Аспан құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді.