17 маусым күні Павлодар облысында +35 градус күтіледі

17 маусым күні Павлодар облысында +35 градус күтіледі
Фото: pixabay.com/Pexels

Жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +17...+22, күндіз +30...+35 градус күтіледі. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде сынап бағанасы +18...+20, күндіз +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.