Павлодарда бірқатар қоғамдық көліктердің қозғалыс маршруты уақытша өзгереді

Павлодарда бірқатар қоғамдық көліктердің қозғалыс маршруты уақытша өзгереді

Уақытша өзгеріс 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өзгеріске Камзин көшесі мен Циолковский көшесіндегі учаскеде жылу желілерін салу себеп болмақ.

- 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін Қамзин көшесі – Циолковский көшесі учаскесінде жылу желілерін салу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты № 2, 9, 55, 66, 66а, 111, 126, 152 автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізілетін болады, - делінген хабарламада.

№2, 9, 55 маршруттар оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен Ак.Шөкин көшесіне солға бұрылады. Одан әрі Катаев көшесіне оңға, одан әрі Толстой көшесіне оңға бұрылып, Камзин көшесіне солға және маршруттар бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта.

№66, 66а маршруттар батыстан шығысқа қарай Ак.Шөкин көшесі бойынша жүру кезінде Назарбаев даңғылына және маршруттар бойынша солға бұрылады. Сол сияқты кері бағытта.

№111 маршрут оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесі бойымен Ак. Шөкин көшесіне солға бұрылады, одан әрі Катаев көшесіне оңға, одан әрі Толстой көшесіне оңға бұрылып, Қамзин көшесіне солға және маршрут бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта.

№126 маршрут оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен солға Циолковский көшесіне одан әрі оңға Катаев көшесіне бұрылып, солға Толстой көшесіне және маршрут бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта.

№152 маршрут оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен оңға Циолковский көшесіне одан әрі солға Толстой көшесіне солға шығып, «Batyr mall» СОО-на және маршрут бойынша кіре отырып, бұрылады. Сол сияқты кері бағытта.