16 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық күтілуде

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыс бойынша температура түнде +17...+22°C, күндіз +30...+35°C, күн ашық болады.
Павлодарда түнде +19...+21°C, күндіз сынап бағанасы + 32...+ 34°C дейін көтеріледі. Бұлтты, жауын-шашынсыз болады.