Павлодар облысында «Пәтер» іс-шарасы өтуде
Іс-шараның мақсаты – өңірде пәтер ұрлығының алдын алу және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 19-21 тамыз аралығында «Пәтер» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Құқық қорғау органдары мүлкіңізді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін терезелер мен балконның есіктерін ашық қалдырмауға кеңес береді. Терезелер мен алдыңғы есіктерге сенімді құлыптары бар болат торларды, қауіпсіздік камераларын орнату қажет.
Бөгде адамдарға алдағы ұзақ сапар туралы айтпауға, мұндай жоспарлар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жарияламауды сұрайды.