19 тамызда Павлодарда мектеп тауарлары төмен бағамен сатылады

19 тамызда Павлодарда мектеп тауарлары төмен бағамен сатылады
Фото: Константин Шелков

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 19 тамызда мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, кәсіпкерлер мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сатады.

Өтетін орны:  М. Катаев атындағы оқушылар сарайы.

Уақыты: сағат 10.00-де.

Жәрмеңкеге мектеп өнімдерін сататын 23 кәсіпкер қатысады. Қала тұрғындары  мектеп оқушыларына мектеп формасы, кеңсе керек-жарақтары және тағы басқа қажетті заттарды сатып ала алады. 

Айта кетейік, білім бөлімінде балаларды мектепке дайындау мәселелеріне қатысты ата-аналар 30-14-97, 30-14-91 телефон нөмірлері бойынша  жедел желіге хабарласа алады.