Павлодарда оқушылар ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде үздікті анықтады

Павлодарда оқушылар ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде үздікті анықтады
Фото: Ертіс дарыны

Облыс орталығында 9-11–сыныптың оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Байқауды «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Облыстық кезең Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.

Іріктеу кезеңіне барлығы 493 ғылыми жоба ұсынылып, оның 335-і облыстық кезеңге жолдама алған. Байқауға облыстың 10 ауданы мен 3 қаласынан 427 оқушы, сондай-ақ дарынды балаларға арналған 13 білім беру ұйымының оқушылары қатысты.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған оқушылар республикалық конкурстың екінші кезеңіне жолдама алды. Олар 18-19 желтоқсанда бейіндік пәндер бойынша тестілеуден өтеді.

Облыстық кезеңде жүлделі орын алған оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсының келесі кезеңінде бақ сынайды.