Аққулы ауданының оқушылары кенусай техникасын меңгеруде
Жаңа техниканы меңгеруге 100-ден астам оқушы ниет білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аққулы ауданының білім беру ұйымдарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында кенусай техникасы кеңінен қолданылуда. Бұл ерекше қолөнер тәсілі мата қиықтарын тігіссіз орналастыру арқылы көркем бейнелер жасауды көздейді.
- 2025–2026 оқу жылының екінші жартыжылдығында аудан мектептерінде аталған техника бойынша 15 шығармашылық сабақ ұйымдастырылып, оған 100-ден астам оқушы қатысты. Сабақ барысында оқушылар 60-тан астам сәндік панно дайындап, түрлі тақырыптағы композициялық жұмыстар орындады, - делінген хабарламада.
Педагогтар кенусай техникасы оқушылардың ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, түстерді үйлестіре білу қабілетін арттыратынын алға тартады. Сонымен қатар, бұл әдіс балаларды ұқыптылыққа, төзімділікке және эстетикалық талғамға тәрбиелейді.
Мұндай шығармашылық жұмыстар білім сапасын арттырумен қатар, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын нығайтып, олардың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізуде.