25 ақпанда Павлодар облысында аяз күшейеді

25 ақпанда Павлодар облысында аяз күшейеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -33…-38°C, облыстың оңтүстігінде -30°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз -23…-28°C. Оңтүстікте -20°C. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар қаласында түнде -33…-35°C. Күндіз -25…-27°C.