Павлодарлық психологтар республикалық байқауда марапатқа ие болды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында «Үздік психолог – 2023» конкурсының республикалық кезеңін өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, Павлодар облысының намысын облыстық кезеңнің жеңімпаздары – алты психолог қорғады. Оның ішінде Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің екі педагог-психологы бар.
Конкурс қорытындысы бойынша павлодарлық қатысушылар – А.Бөкейхан атындағы мектептің педагог-психологы Динара Баильдинова мен №49 санаторлық балабақшаның педагог-психологы Наталья Березовская ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» орталығының «Психологиялық қызметті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» грамоталарымен марапатталды.
Олар 18 қатысушы арасында «Үздік психолог – 2023» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары. Облыстық конкурс пен республикалық конкурстың финалында Павлодар облысының атынан команда құрамында өнер көрсеткен.