Ақсуда ит адамға шабуылдады (ВИДЕО)
Зардап шеккен адам «102» нөмірі бойынша полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық ветеринарлық станциясының мәліметінше, әйел адам аталған жағдайға қатысты полицияның учаскелік инспекторына арыз қалдырған.
– 22 ақпанда Instagram желісіндегі @aksu.ermak парақшасында Ақсу ықшам ауданының тұрғындары тұрғын үйдің ауласында қаңғыбас иттердің мысыққа шабуыл жасағаны туралы видеоүндеу жариялаған болатын. Облыстық ветеринарлық станциясы Ақсу қалалық бөлімінің мамандары осы видео негізінде аулау жұмыстарын жүргізді, – дейді ветстанцияда.
Мамандар Октябрьская көшесіне жеткен кезде қабаған ит пакетпен кетіп бара жатқан адамға шабуылдаған. Сол сәтте эвтаназия әдісін қолдану туралы шешім қабылданған.
– Бұл жағдайға қатысты барлық құжаттар бар. Ақсу шағын ауданы тұрғындарының иттердің мысыққа шабуылдауы түсірілген видеоүндеуі ұсынылады, – дейді мамандар.
Айта кетерлігі, Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында @808_elena_808 парақшасында Ақсу қаласында итті атуға қатысты шағым жарияланғаны анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram