Павлодарда мас ер адам өзен арқылы жүзіп өтпек болды (ВИДЕО)
Құтқарушылар оны жағаға алып шықты, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар Усолка су қоймасын патрульдеу кезінде мас ер адамды анықтаған.
– Ол Усолка арқылы жүзіп өтпек болды. Құтқарушылар катермен ер адамды жағаға шығарып, туыстарына тапсырды. Бұл жолы қайғылы оқиғаға жол берілмеді, бірақ келесі жолы сол жерде құтқарушылар болмай қалуы мүмкін, – дейді департаментте.
ТЖД қызметкерлері алкогольді ішкеннен кейін суға түсуге болмайтынын еске салып, тыйым салынған жерлерге шомылуға бармауға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда ажал құшқан. Екі ер адам Тереңкөл ауданы мен Екібастұз қаласында тыйым салынған, яғни жабдықталмаған жерлерде шомылған. Ал Павлодар қаласында Усолка жағажайында Торайғыров университеті колледжінің студенті суға кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram