Павлодарда көшеге құрылыс заттарының қалдығын төккендер жазаланды (ВИДЕО)

Павлодарда көшеге құрылыс заттарының қалдығын төккендер жазаланды (ВИДЕО)

Қала тұрғындарының бассыздығы әлеуметтік желіде жарияланған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан қап толы қоқысты жүк көлігінің тиегішінен сыртқа лақтырып жатқан бірнеше азаматты көруге болады. Осы сәтті бейнетаспаға түсіріп алған тұрғындар бұзушылықтың Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында болғанын айтқан.

- Павлодарда барлығы қарапайым. Жүк көлігі келді де Назарбаев даңғылы, 63 үйдің ауласына құрылыс заттарының қалдықтарын қалдырып кетті, - деп жазды.

Осы іске қатысты облыстық полиция департаментінде тексеріс басталды. Ол туралы департаменттің  баспасөз қызметі  мәлімдеді.

- Бұл факті бойынша полиция тексеріс жүргізді. Учаскелік полиция инспекторлары тәртіп бұзушыларды анықтады. Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әрқайсысына 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, бұрын қалдырылған қоқыстарды тәртіп бұзушылар қала сыртындағы арнайы орынға алып кетті. Кейін олар қала тұрғындарынан кешірім сұрады, - делінген хабарламада.

Ал газель автомашинасы айып тұрағына қойылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от qaz.pavlodarnews.kz (@qaz.pavlodarnews.kz)