Ақсуда заңсыз он қап балық аулаған тұрғын ұсталды
Сот-биологиялық сараптама тағайындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nissan Terrano» маркалы автокөлік тәртіп сақшыларының күдігін тудырған.
– Сағат 03.55-те Набережная көшесіндегі үйдің жанында тексеру кезінде көліктің багаж бөлімінде балық салынған қаптар табылды. Жүргізушіде тасымалданатын жүкке қатысты құжаттар болған жоқ. Жүргізушінің өзі Қарасор көлінде балық аулағанын түсіндірді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 335-бабы 1-тармағының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді департаментте.
Қала тұрғынынан жалпы салмағы 184 келі болатын 10 қап балық, балық аулау торы және екі резеңке костюм тәркіленді. Жеңіл автомобиль қылмыстық іс бойынша шешім қабылданғанға дейін арнайы айып тұрағына қойылды.
Тәртіп сақшылары балық аулаудың белгіленген ережелеріне сәйкес тасымалданатын балықтың салмағы бес келіден аспауы тиіс екенін еске салады. Егер жүктің салмағы асып кетсе, онда тиісті құжаттар қажет болады.
Айта кетейік, биыл полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 601 фактінің жолын кесті.