Асайын Байханов: Ертіс-Баян өңірі Президент тапсырмаларын жүйелі жүзеге асырады

Асайын Байханов: Ертіс-Баян өңірі Президент тапсырмаларын жүйелі жүзеге асырады
Валерий Бугаевтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір басшысы Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысына қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы әкімінің айтуынша, Жолдау – елдің даму бағытын айқындап берген маңызды құжат.

Мемлекет басшысы кешенді цифрлық жаңғырту, отандық өнім экспортын ұлғайту, мультимодальды көлік дәліздерін дамыту, энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын жаңарту сынды ауқымды міндеттерді алға қойды. Өңдеуші өнеркәсіпке, жоғары технологияларға және өндіріске инвестиция тарту – экономиканың берік негізін қалауда шешуші қадам болмақ, – деп атап өтті өңір басшысы.

Асайын Байханов Президент айқындаған міндеттердің Павлодар облысы үшін де аса маңызды екенін жеткізді.

– Президент жүктеген міндеттерді мен үлкен жауапкершілікпен қабылдадым. Бұл ұстанымды облыстағы барлық жергілікті атқарушы органдар да бөлісіп отыр, – деді ол.

Әкімнің айтуынша, Павлодар облысында Жолдауда белгіленген міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл шаралар өңірдің өркендеуіне серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталмақ.