Павлодарлық өрт сөндірушілердің тілсіз жауға дайындықтары тексерілді

Павлодарлық өрт сөндірушілердің тілсіз жауға дайындықтары тексерілді
Фото: Константин Шелков

Шаһарда көпқабатты үйдің бірінде өрт-тактикалық жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың дұрыс әрекеттері жағдай мен жарақаттанудың алдын алуда үлкен маңызға ие. Ал өрт сөндіруші-құтқарушылар үшін арнайы оқу-жаттығу адамдарды құтқаруға және эвакуациялауға арналған құралдардың барлық түрлерін қолдана отырып, биік үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын пысықтауға арналған кезекті оқу-жаттығу болып табылады.

Жоспарға сәйкес, көп қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерде өрт болды.

Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды құтқару және өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды бір уақытта бағыттай отырып, жағдайды бағалау үшін барлау жүргізді. Халықты эвакуациялаудың бірнеше әдістері пысықталды. Бұл түтінді шығаратын баспалдақ маршымен, баспалдақпен және альпинизм жабдықтарымен эвакуациялау жүргізілді. Адамдарды биіктіктен эвакуациялау үшін "Өмір кубы" да орналастырылды.

Жалпы, мұндай оқу-жаттығуларды өткізу халық  және мамандар үшін  маңызды.  Көптеген тұрғындар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмейді, сондықтан халықпен түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады, деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Үй тұрғындарымен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған үгіт-профилактикалық жұмыстары өткізілді.

Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамның 28 адамы және өрт сөндіру қызметінің тоғыз техникасы, ЖҚЖ, АМО және полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.