Армрестлинг, көрмелер : Павлодарлықтар қала күнін қалай тойлай алады?
Тұрғындар барлық мұражайларға тегін кіре алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарда 22 шілдеде Қала күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева айтты.
– Қала күнінің аталып өтілуі таңғы сағат 8:00-де басталады. Осы уақытта «Ertis Promenade» сахнасының жанында «Qala run» аттты спорт жарысы өтеді. Жас бойынша ешқандай шектеулер жоқ, – дейді Светлана Гладышева.– Спорттық іс-шара аяқталғанға дейін Астана көшесі бойындағы жолды жауып тастайды. Сағат 11:00-де жолды қайтадан ашатын болады.
Спорттық іс-шаралар осымен аяқталмайды. Павлодарлықтар орталық жағалауда 11:00-14:00-ге дейін тартылу, армреслинг, ұлттық спорт түрлері, зияткерлік және бұқаралық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатыса алады. Барлық қаытсушыларға сыйлықтар беріледі.
– Сондай-ақ қаламыздың мұражайларында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары сағат 10:00-ден бастап мұражайларға тегін кіре алады, – дейді Светлана Гладышева.
Кішкентай тұрғындар үшін орталық саябақта «Family fest» мерекелік бағдарламасы өтеді. Ол 12:00-ден 15.00-ге дейін жалғасады. Балалар ескі көліктерді бояп, қисық айналар аллеясын тамашалай алады.
Сондай-ақ, сағат 15:00-ден 17:00-ге қаланың 8 локациясында «Сүйікті қалам» атты фестивалі өтеді. Келесі мекенжайлар бойынша локацияға барып, концерт тамашалауға болады:
1. №16 ЖОМ
2. Гагарин паркі
3. №1 ЖОМ
4. Литвинов саябағы
5. №39 ЖОМ
6. IT колледж аумағында
7. Металлургтер паркі
8. №25 ЖОМ
Светлана Гладышеваның сөзінше, «Ertis Promenade» төменгі жағажайда 17:00-ден 19:00-ге дейін «Darmarka» кітап жәрмеңкесі өтеді.
Сондай-ақ, 22 шілдеде кейбір супермаркеттерінде қала тұрғындары үшін жеңілдіктер қарастырылады.
Қала күнінің тойлануы «Ertis Promenade» сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздары LUINA, «RINGO» тобы, «Ny-Za Band» музыкалық тобы, Серік Мұсалімов қатысуымен кеш аяқаталады. Концерт кешкі сағат 19: 00-ден 22.30-ға дейін жалғасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Константин Шелков