Павлодарда орталық көшелердің бірі қалай өзгертіледі?
Жобаны екі жыл ішінде жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылдың көктемінде қала әкімшілігі Лермонтов көшесін қайта жөндеуге кіріседі. Барлығы 145 мың шаршы метр аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.
– Қайта құрудың өзі табиғи ландшафтты барынша сақтай отырып және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбай, қала кеңістігін ұтымды пайдалануға бағытталған, – дейді әкімдікте.
Олар Лермонтов көшесін жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қауіпсіз әрі жайлы еткісі келеді. Көшелерді абаттандыру жобасына 117 мың шаршы метр асфальт жабындысын жаңарту кіргізілді.
Vision Zero концепциясына сәйкес қиылыстардың барлық жағында шағын аралдар орналастыру жоспарлануда. Бұл ең алдымен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ, үш шақырымдық веложол төселіп, жолдан жасыл желекті жолақпен бөлінбек. Көше бойында қоғамдық көліктер үшін бөлек жол болады.
Жоба бойынша Лермонтов көшесінде екі субұрқақ, он балалар және сегіз спорт алаңы, 16 демалыс орнын салу жоспарлануда. Жаяу жүргіншілер аймақтары заманауи стильде безендіріледі: 350 орындық, 16 мүсін және шағын архитектуралық пішін, 200-ден астам шам орнатылады, сегіз павильоннан тұратын фудкорт жұмыс істейді.
Көгалдандыру, жарықтандыру және инженерлік желілерді жаңартудан бөлек, көшені табиғи түрде көріктендірмек. 23 мың шаршы метрге 750 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар – қайың, шетен, бүрген, ақ көріктал, тобылғы, қарағай, шырша және арша отырғызылады. 2,5 мың шаршы метрді гүлзарлар қойылады. Өсімдіктер үшін автоматты суару жүйесі қарастырылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындары мен жергілікті билік бұл жобаны аймақ басшысы Асайын Байхановтың бастамасымен 2022 жылдың аяғында әзірлеуге кіріскен болатын. Барлық жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.